USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

«Абу Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты

  • 1626
«Абу Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты

17 сәуірде сағат 16.45 кезінде «101» пультіне Сығанақ көшесі 14/2 мекенжайында орналасқан «Абу Даби Плаза» ғимаратында шыққан өрт туралы хабарлама түскен.

Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Алауды өрт сөндірушілер келгенше құрылысшылар қолдарына түскен заттармен өздері сөндірген. Өрт 16.59 кезінде сөндірілді. Оны сөндіруге барлығы жеке құрамның 12 маманы мен 2 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу салдары анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде