Астанадағы дауылдың әсерінен бірнеше ғимарат бүлінді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Астанадағы дауылдың әсерінен бірнеше ғимарат бүлінді

<span class=favorites>Астанадағы дауылдың әсерінен бірнеше ғимарат бүлінді</span>

Астана аяқ астынан алай-дүлей болды да кетті.

Түскі бір шамасында қатты жел тұрып, дауыл соқты. Әп-сәтте қаланың мазасын қашырған дауыл ғимараттарға кәдімгідей әсер етті. Ұйытқып соққан жел Достық үйіне, яғни бұрынғы Бейбітшілік және келісім сарайына да залал келтірді. Тіпті кейбір жерде шатырдан құлаған заттар көліктерді зақымдағаны жайында ақпар бар. Құрылыстың бірінде кран құлады. Желдің жетегіне ерген орындық, ұшып түскен әлдебір сынықтың фотосуреттері әлеуметтік желілерде тұр.

«Бүгін желдің қатты ұйытқуынан Астананың Түркістан көшесі ауданында құрылыс краны құлады, сонымен қатар Бейбітшілік және келісім сарайының витражды терезелеріне зақым келген. Бұған қоса қатты дауыл Ұлттық мұражайдың қасбет плиткасын зақымдап, Мичурин ауылындағы №3 мектептің шатырын және Астана қаласындағы жеке үйдің шатырын жұлып әкеткен», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Р.Иманқұлов.

Сонымен қатар ТЖД ресми өкілі сағат 13.15-14.30 аралығында 300 қоңырау түскенін және 10 адам зардап шегіп, 9-ы ауруханаға жеткізілгенін айтты.

  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде