USD/KZT
315.15
EUR/KZT
342.37
РУБ/KZT
5.54


Петропавлда су құбыры жарылды

  • 210
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Петропавлда су құбыры жарылды

Петропавл қаласында тағы да су таратқыш желісі жарылды.

Бұл жолы ыстық су Мағжан Жұмабаев, Интернациональный және Евней Бөкетов көшелеріне жайылды. Соның салдарынан көліктер кептеліп, 5 қабатты тұрғын үй тіршілік көзінен ажыратылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында 4 апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналды қызмет сарқыраған суды Есіл өзеніне ағызып, осылайша мәселені шешпек. Апаттың себебі жер астындағы 800 миллиметрлік полиэтилен құбырының сыр беруі болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұл желі жаңа жылда да жарылған болатын.

Сергей Визеров, сумен қамтамасыз етуші кәсіпорынның бас инженері:

- Қазіргі уақытта желі судан ажыратылды. Ал тұрғын үйлерге суды сырттан тасымалдап, қамтамасыз етеміз. Содан соң жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Айту керек, бұл құбыр 8 жыл бұрын төселген. Сондықтан кепілдік мерзімі де өтіп кетті.

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

back to top