USD 319.68

EUR 392.60

РУБ 5.63

ОҚО-да емдік шөпті жинаған Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды

  • 266
ОҚО-да емдік шөпті жинаған Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды Новое Телевидение

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан шекарашылар дәрілік қасиеті бар шөп жинап жүрген Ауғанстанның 32 азаматын ұстап алды.

Оларды Сарыағаш шекара бекетінің қызметкерлері С.Саттаров елді мекенінен 18 шақырым жердегі иен даладан байқап қалған. Тексеру кезінде келімсектердің емдік қасиеті бар қызылдың құмында ғана өсетін «Сасық кеурек» өсімдігін заңсыз жинап жүргені анықталды.

Шетелдіктердің мәлімдеуінше, күніне бір адам 5 келіге дейін өсімдік жинап отырған. Сосын оны ары қарай Қытайға жөнелтпек болған.

Әскерилердің сөзіне қарағанда шетел азаматының барлығы Қазақстанда заңсыз жолмен жұмыс істеп жүрген. Және олар бұл іспен біраздан бері айналысып жүрсе керек. Өйткені айналаны қазып тастаған көрінеді.

Жалпы «кеурек» қызылдың құмында оның ішінде оңтүстік өңірлерінде ғана өседі. Онда да ерте көктемде жайқалып тұрады да бір айдың ішінде діңгегі биіктеп қурап кетеді. Өсімдік бір метрдей болып өседі. Оған қоса ұсталғандардың айтуынша, «Сасық кеурек» өсімдігінің шикізатына Үндістан, Пәкістан, Иран және Ауғанстан сияқты елдерде үлкен сұранысқа ие екен. Өсімдіктің әр тоннасы 20 мың долларға дейін барады екен. «Қазіргі таңда ауғанстандықтардың қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқаны және қалай келгені анықталып жатыр», – дейді шекарашылар.

Авторы: Қанат Жүнісбеков

Хабар 24 әлеуметтік желілерде