USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Маңғыстау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

  • 263
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Маңғыстау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Кеше Бейімбет Майлин көшесі бойымен келе жатқан «Toyota Camry» маркалы көлік кенеттен жол бойындағы қоршауға соғылады.

Жойқын соққыдан жеңіл машина қирап, бір отбасының мүшелері оқиға орнында жан тапсырды. Арасында жеткіншектер де бар.

Қаза тапқандарды құтқарушылар көлік қаңқасын кесіп, шығарып алды. Куәгерлердің айтуынша, жұбайын үйде қалдырған жергілікті тұрғын екі ағасы, әпкелері және балаларымен бірге үйлену тойынан келе жатқан.

Жазира Әбіл, өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– ҚР ҚК 345-ші бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Көз жұмған жолаушылардың жас шамасы 11 мен 59 жас аралығында. Қазір оқиғаның неден болғандығы, мұндай ауыр жағдайға не себепкер болғандығын анықтау мақсатында сот-автотехникалық сараптамасы тағайындалды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top