USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ОҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

  • 337
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ОҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды Вечерняя Казань

Қызыл кітапқа енген «Түркістанның қаязы» балығын браконьерлер тоқпен ұрып аулаған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Арыс-Түркістан» каналында инспекторлар дала кезген алты күдіктінің үстінен түседі.

Алайда бесеуі қашып, біреуі ғана қолға түсті. Ұсталған адам − мектептің мұғалімі. Олардан екі қайық пен бірнеше келі балық тәркіленген. Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Жалпы тоқпен балық аулау өңірде бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Жыл басынан бері облыстағы өзен-көлдерде заңсыз балық аулаған 177 жағдай тіркелген. Оның 10-ына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Табиғат сақшылары соңғы жылдары браконьерлер балық аулаудың түрлі тәсіліне көшкенін айтады. Тіпті ел аумағында Қытай торларын сатуға қатаң тыйым салынғанына қарамастан, оны пайдаланушылардың қарасы азаймаған. «Электр тоғы мен полиметтік моно талшықтан жасалған торлар балықтың шабағына дейін қырып жібереді», − дейді мамандар.

Нұрболат Құдайбергенов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі:

− Бір ғана осы қылмыстық іс бойынша заңсыз ауланған балық 537 мың теңге көлемінде табиғатқа залал келтіріп отыр. Қылмыстық істің негізі тоқпен ұрған. Бұл ең бір тыйым салынған түрі. Балық ресурстарының шығыны осыдан болып отыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top