USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Атырау облысындағы Жанбай ауылының тұрғындары әскерилерге қоқан-лоқы көрсетті

  • 155
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Атырау облысындағы Жанбай ауылының тұрғындары әскерилерге қоқан-лоқы көрсетті

Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылының тұрғындары әскери бөлім қызметкерлерімен қақтығысып қалды.

Батыс өңірлік әскери прокуроры мәлімдегендей, ауыл ішімен сап құрап келе жатқан сарбаздар тобын ауыл тұрғындарының бірі көлікпен жанай қағып өткен. Сөйтіп екі сарбаз жеңіл жарақат алған. Әскери бөлімше командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары көліктегілермен тілге келмек болғанымен ауыл тұрғындары жан-жақтан қоршап алады. Қоршаудан әрең сытылып шыққан офицер бөлімшеге жетіп, өзін қуып келгендерге ескерту ретінде автоматтан аспанға үш рет оқ атқан. Бірақ бұған наразылық білдірген тұрғындар түнгі сағат 02.00-ге дейін әскери бөлімше маңынан кетпей қойған. Оқиға барысында ешкім ауыр жарақат алған жоқ. Бұл оқиғаға қатысты аудандық Ішкі істер бөлімі іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің жағасында орналасқан Жанбай ауылы – браконьерлікпен аты шыққан елді мекен. Мұнда құқық қорғау органдары мен тұрғындар арасындағы текетірес жиі тіркеледі.

Жанболат Аекенов, Батыс өңірлік әскери прокуроры:

- Қазіргі таңда шекарашылардың қызметтік қару қолданғаны жөнінде факт тіркелді. Бұл жөнінде қызметтік тексеріс жүргізілуде. Бұдан басқа азаматтарға да қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Тергеуді Атырау облысының Исатай ауданының Ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Бүгін шекарашы командирінің анықтауымен жергілікті тұрғындармен жиналыс жасалып, заң түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top