USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Семейде саяжайда өрт шығып, бір адам қаза тапты

  • 151
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Семейде саяжайда өрт шығып, бір адам қаза тапты Фото: Семей қалалық ТЖБ

20 қыркүйек күні сағат 22.35-те өрт сөндіру бөліміне «Солнечная долина» саяжай алқабында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетісімен, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Тұрғын үйдің шатыры, қабырғасы, есік-терезесі түгел отқа оранған. 3 сағат ішінде қызыл жалын толық өшірілді. Жалпы аумағы 30 шаршы метр өртенген. Бір адам құтқарылып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай үй ішінде 1960 жылғы азаматтың мәйіті табылды. Көршілердің айтуынша, олар осы кеште ішімдік ішкен.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top