USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Air Astana компаниясының ұшағында ақау пайда болды

Air Astana компаниясының ұшағында ақау пайда болды Air Astana

Қытайдың Сямынь қаласынан елімізге қарай бағыт алған Air Astana компаниясының ұшағы техникалық ақауларға байланысты әуеде 3 сағат жүріп жерге қонған.

Себебі әуе көлігіндегі отынды тауысу керек болған. Абырой болғанда, әуе көлігінде жолаушылар болмаған. Ұлттық компанияның  корпоративтік коммуникация жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахимовтың айтуынша, қазір аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары  жүріп жатыр. 

Тілек Әбдірахимов, Air Astana АҚ корпоративтік коммуникация жөніндегі менеджері:

– Осындай индикация шыққанын біз қазір анықтаудамыз. Электрониканың өзінде ұшып шыққаннан кейін ғана осындай хабарлама келді. Жолаушыларға да, жүктерге де ештеңе болған жоқ. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде