USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

«Алтынкөл» кеден бекетінде кезекті рет заңсыз тауар анықталды

«Алтынкөл» кеден бекетінде кезекті рет заңсыз тауар анықталды

«Алтынкөл» кеден бекетінде Қырғыз Республикасына бағыт алған кезекті контрабандалық тауарлар анықталды.

Бұл жолы шекарадағы транзиттік заттарды рәсімдеу кезінде медициналық құрал-жабдықтардың кедендік декларациядан өтпегендігі әшкере болды. Құжаты жоқ тауардың салмағы 17 тоннадан асады. Мамандар оның жалпы құны 6 миллион 895 мың теңгені құрайтынын айтады. Кедендік тексеріс аяқталған соң Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік іс қозғалады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде