USD 345,77

EUR 401,20

РУБ 5.48

Оралда тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан 6 адам зардап шекті

  • 673
Оралда тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан 6 адам зардап шекті vikiperm.com

Оқыс оқиға Зачаган шағын ауданы, Бөкенбай көшесінде тіркелген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыстан ас үйдің төбе бөлігіне айтарлықтай зақым келген. Ал осы кезде ас үйде болған 37 жастағы жүкті келіншек 85 пайыз күйік жарақатымен облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тасымалдауға келген жағдайда санитарлық авиация ұшағымен Астана қаласына жеткізілетін болады.

Ал ана құрсағындағы сәбидің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Табиғи газдан улану белгілері байқалған 3 бала мен отбасының өзге мүшелері дәрігерлердің қарауынан кейін үйге қайтарылды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде