USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Алматы облысында «Қазпошта» қызметкерінің 5 млн теңгені жымқырғаны анықталды

Алматы облысында «Қазпошта» қызметкерінің 5 млн теңгені жымқырғаны анықталды

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық «Қазпошта» бөлімшесі қызметкерінің 5 миллион теңгені жымқырғаны анықталды.

27 жастағы бойжеткен өз қолымен жасаған қылмысын жасыру үшін полиция қызметкерлеріне «мені тонап кетті» деп, жалған мәлімет берген.

Тергеу амалдары барысында пошта бөлімшесіне тексеру жүргізіліп, полицияға қоңырау шалған келіншек күдікті ретінде ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойнына алды. Миллиондарды жымқырған «Қазпошта» қызметкерінің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Көбейхан Нұрахмет, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Мемлекет қаржысын талан-таражға салған қызметкер жазадан жалтару мақсатында осындай қитұрқылыққа барған. Шын мәнінде ешқандай тонау оқиғасы болмаған. Сол себепті оның үстінен жалған мәлімет бергені және өзіне сеніп тапсырылған қаржыны жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде