USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Семейдегі қонақүйлердің бірі тоналды

  • 218
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Семейдегі қонақүйлердің бірі тоналды

Желтоқсанның 6-сы күні сағат 23:55-те «102» желісіне қаладағы қонақүйлердің бірі тоналғаны жөнінде хабар келіп түседі.

Оқиға орнына жедел барған полиция патрулі ғимаратқа 2 жас жігіттің кіріп келіп, қару кезеніп, қорқыту арқылы кассадағы 15 мың теңге ақшаны алып қашып кеткені жөнінде ақпарат алады. Бұдан кейін қаланың Ішкі істер басқармасының жеке құрамы аяғынан тік тұрған. Бейнебақылау камералары арқылы әлгі екеудің көшеде кетіп бара жатқаны анықталып, дереу ұсталады. Газбен атылатын тапанша пен бетперде де тәркіленеді. Бұлардың бірі 27 жастағы бұрын сотталған азамат екені, екіншісі 19 жастағы сотталмаған қала тұрғыны екені анықталды. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Б.Көкенайұлы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top