USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қарақұдық ауылында емі жоқ індетке шалдыққан малдардың өлекселері өртеліп жатыр

  • 133
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қарақұдық ауылында емі жоқ індетке шалдыққан малдардың өлекселері өртеліп жатыр

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылында үш айлық карантин жарияланып, залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Қазір мамандар арнайы ор қазып, малдардың өлексесін өртеп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын аталған елді мекенде 15 жылқы қырылып қалған еді. Ветеринарлар тексерісінен соң Қамбар ата тұқымының лимфангиттен өлгені белгілі болды. «Бұл індеттің емі жоқ әрі еті мен сүтін де пайдалану аса қауіпті», – дейді мамандар.

Ерсайын Жүнісов, Бұқар Жырау ауданының бас мал дәрігері:

– Астана мен Қарағандыдан келген мамандар ауру малдың өлекселерін жоюға кірісіп кетті. Қазір ауылға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүреді. Карантиннің қашанға созылатыны әзірге белгісіз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top