USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Былтыр БҚО-да киік атуға байланысты 70 қылмыстық іс қозғалған

  • 139
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Былтыр БҚО-да киік атуға байланысты 70 қылмыстық іс қозғалған Фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында тек өткен жылдың ішінде заңсыз киік атуға байланысты 70 қылмыстық іс қозғалған.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы қаулысымен 2020 жылға дейін ел аумағындағы киіктерді аулауға, олардың етін пайдалануға қатаң тыйым салынды. 2017 жылы облыс полицейлері браконьерлік әрекеттердің алдын алу мен жасалған қылмыстарды ашуға байланысты кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде маусым айында Казталов ауданында киіктерге аңшылық жасаған қылмыстық топ қолға түсті. Тінту шаралары кезінде күдіктілерден 288 дана киік мүйізі, жол талғамайтын 6 бірлік автотехника, қармен жүретін 4 арнайы техника, 5 аңшы мылтығы, 1 газ тапаншасы, электрондық таразы, киік мүйіздерінің қаны мен кескен мүйіздердің ізі бар пышақтар мен аралар және 5 келі киік еті тәркіленді. Қазіргі таңда аталған қылмыстық деректер бойынша іс сотта қаралуда.  

Авторы: Талғат Серікқалиұлы 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top