USD 327.79

EUR 398.12

РУБ 5.23

СҚО-да ақтүтек боранда адасып кеткен мұғалімнің денесі табылды

СҚО-да ақтүтек боранда адасып кеткен мұғалімнің денесі табылды Фото: it.nextews.com

Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек боранда із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті табылды.

20 жастағы азамат Уәлиханов ауданына қарасты Береке ауылындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Күндізгі сағат 12-ден аса білім ошағынан шыққан ол қатты боранның салдарынан адасып, үйіне оралмапты. Полицейлер мен құтқарушылар оны екі күн бойы іздеген. Марқұмның мәйіті бүгін ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оның денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ.

Динара Сағындықова, облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы: 

– Ол мектептен шығып, үйіне жете алмаған. Оның жолда адасып, ауылдасының үйіне кіргендігі анықталды. Қатты желдің салдарынан жол көрінбей, белгісіз жаққа кетіп қалған. Қазір осы оқиғаға қатысты арнайы сараптама тағайындалды. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде