USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

БҚО-да қожалық басшысы малшысын атып өлтірді

  • 520
БҚО-да қожалық басшысы малшысын атып өлтірді Фото: kurs.if.ua

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жеке қожалық басшысы малшыны атып өлтірді.

Оқыс оқиға Жаңаөмір ауылына қарасты Көкеншеген қыстағында тіркелді. Кеуде тұсынан тиген оқ жарақатынан қаза болған 41 жастағы азамат 15 жылдан бері жекенің қолындағы малды бағумен айналысып келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде адам өлтірді деген күдікпен 1971 жылы туған шаруа қожалығының басшысы ұсталып, қамауға алынды. Білдей кәсіпкердің атпалдай азаматты атып өлтіруіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда аталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде