USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті

Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті avtovzglyad

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болған.

BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кетіп, онда тұрған адамдарды қаққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 71 жастағы әйел оқиға болған жерде көз жұмды, ал 69 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 әлеуметтік желілерде