Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, 11-і жарақаттанды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, 11-і жарақаттанды

  • 286
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, 11-і жарақаттанды Костанай ТВ

11 ақпан күні сағат 21:00 шамасында 33 жастағы «Мерседес-Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша, жолдың қарсы бетіне шығып, 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігімен соқтығысқан.

Осыдан кейін артта келе жатқан «Ниссан» автокөлігі екі көліктің біріне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «БМВ» автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 көліктегі 10 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жүгінген. Қазір Алматы-Екатеринбург автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Авторы: Айнұр Абдиева

Хабар 24 әлеуметтік желілерде