USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде екі адам мерт болды

  • 195
Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде екі адам мерт болды alau.kz

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласы мен Қамысты ауданында төтенше жағдай орын алды.

Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 11 ақпан күні Рудный қаласында жылу камерасында өрт болған. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады.

«Оқиға орнынан ер адам табылды. Азаматтың аты-жөні анықталуда. Сондай-ақ сол маңнан көміртегі тотығымен уланған 57 жастағы адам ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен қатар Камысты ауданындағы Талдыкөл ауылында тағы бір жағдай орын алды.

Жеке үйлердің бірінде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан 66 жастағы адам көміртегі тотығымен уланып мерт болды.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде