Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды

  • 429
Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды

Алматыда Әуезов ауданында орналасқан «Салем» қонақ үйінің шатыры өртенді.

Төтенше жағдай туралы хабар қалалық ТЖД кезекші пультіне 18:55-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 9 минутта жеткен.

Белгілі болғандай, Момышұлы, 14 «б» мекенжайында орналасқан 3 қабатты ғимараттың мансарда қабаты өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 19:15-те ауыздықтады. Айта кетейік, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде