Астанада орталық базардағы эскалаторда сәбидің қолы қысылып қалды (бейне) - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Астанада орталық базардағы эскалаторда сәбидің қолы қысылып қалды (бейне)

Астанада орталық базардағы эскалаторда сәбидің қолы қысылып қалды (бейне)

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы Астанадағы эскалаторлардың бірінде зардап шеккен бүлдіршінге қатысты ресми ақпарат жариялады.

«2018 жылдың 22 мамырында жабық орталық базардың (Алаш тас жолы, 19/1) эскалаторындағы апаттық жағдайдан екі жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кеткен. Ауруханада екі қолындағы жарақаты да бастапқы-хирургиялық өңдеуден өтіп, гипспен таңылды. Баланың жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілді», – делінген басқарма жіберген ресми хабарламада.

Бұған дейін орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.

Ақпарат көзі: inform.kz

BNews Kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде