USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Алматы облысында бір аптада екі адам суға кеткен

  • 181
Алматы облысында бір аптада екі адам суға кеткен

Алматы облысында шомылу маусымы басталған бір апта ішінде 2 адам суға кетті.

Мезгілсіз қаза тапқандардың бірі бой жетіп қалған қыз болса, екіншісі – жас бала. Бұл екі оқиға да судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Сондай-ақ тау өзендерінде де суға кету деректері тіркелді. Бір балықшы мен Ресейден келген саяхатшы оқыста көз жұмды. Алматы облысының су айдындарында жыл басынан бері осындай 8 төтенше жағдай болды. Құтқарушылар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сайлаубек Шәрапиев, облыстық ТЖД шұғыл құтқару тобының жетекшісі:

– Суға шомылуға барған кезде арнайы құтқарушылар бар, шомылуға жабдықталған жерге бару қажет. Балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары, кеудешелері болуы керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде