361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Саяхат автобекетінде өрт болды

  • 206
Алматыдағы Саяхат автобекетінде өрт болды

Өткен түнде Алматыдағы Саяхат автобекетінде өрт шықты.

Ол туралы түнгі сағат 11.30-да өрт сөндірушілердің 101 пультіне хабар түскен. Кейінірек тамақ әзірлейтін дүңгіршектердің бірінде газ балонының жарылғаны белгілі болды. Оқиға орнына шұғыл жеткен 12 өрт сөндіруші көлік жарты сағаттың ішінде жалынды ауыздықтады. Алайда олар келгенше, қатардағы 5 дүңгіршек жанып кеткен. Өрт сөндірушілер жедел 6 газ балонын алып шыққан. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 150 шаршы метр аумақ өртенген. Абырой болғанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы