352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы пойыз апаты: Арнайы комиссия құрылды

  • 449

Соңы адам өліміне әкеліп соққан теміржол апатына байланысты пойыз вагондарының рельстен ажырау себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Еске сала кетейік, бүгін Жамбыл облысының Шу стансасы маңында «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Салдарынан 4 адам зардап шегіп, оның біреуі – жасөспірім қаза тапқан болатын.

Оралхан Құлақов, «ҚТЖ Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы:

– Үлкен комиссия жұмысы біткен соң қорытындысымен Қазақстан темір жолының басшысы қатаң шара қолданады. Өз атымнан, қоғамның атынан марқұм болған баланың әке-шешесіне, туған-туысқандарына көңіл білдіреміз. Басқа жолаушылардан кешірім сұраймыз.

Сондай-ақ Жамбыл облыстық ТЖД жанынан шұғыл байланыс желісі іске қосылды. (51-35-75, 51-41-67).

Хабар 24 телеарнасы