USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Жолаушылар пойызы апатынан қаза тапқан жасөспірім Ыстықкөлге демалуға бара жатқан

  • 379
Жолаушылар пойызы апатынан қаза тапқан жасөспірім Ыстықкөлге демалуға бара жатқан

Жолаушылар пойызы апаты салдарынан қаза тапқан жасөспірімнің Қарағанды облысы тумасы екені белгілі болды.

12 жасар оқушы ата-анасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан екен. Ал пойыз рельстен шығып кетіп, аударылған сәтте ол дәретханада болған көрінеді. Осы кезде қатты жарақат алған. Дәрігерлер қанша тырысса да, баланы ажалдан арашалай алмады. Жасөспірімнің денесі мәйітханаға жеткізілді. Онда тиісті сараптама жұмыстары жасалуда. Ал ата-анасы қонақүйге орналастырылды. Сондай-ақ күшейтілген жұмыс режиміне көшкен Шу қаласындағы ауруханада екі аяғы да сынған астаналық азаматқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде