352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көлік адамдар толы аялдамаға соғылды

  • 285
<span class=favorites>Атырауда көлік адамдар толы аялдамаға соғылды</span>

Атырауда жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты орталықтағы Азаттық көшесінде болды. Автокөлік «Санаторий» аялдамасына үлкен жылдамдықпен кіріп кеткен. Бұл уақытта аялдамада бір топ адам тұрған. Полиция қызметкерлері аялдаманы қоршап, көшені бөгеді. Анықталғандай, сағат 20:26-да хабарлама алған жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 20:30-да жеткен. Алты адам зардап шекті. Оның екеуі бас-сүйек ми жарақаты, жамбас сүйегінің ашық сынық жарақаты, іш қуысына алған жабық жарақат диагноздарымен бірден ауруханаға жатқызылған. «Алты адам ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі қазіргі таңда облыстық ауруханада қалдырылды. Қалған төртеуіне медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнында қаза болған адам жоқ», – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Хабар 24 телеарнасы