359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-ның су қоймасында балық қырылып қалды

  • 231

Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларының бірінде балықтардың қырылу дерегі тіркелді.

Айыртау ауданындағы шаруа қожалығына тиесілі аумақта болған шығын туралы кәсіпкердің өзі хабарлаған. Облыстық табиғи ресурстар, экология департаменті, ветеринария және табиғатты қорғау прокуратурасы қызметкерлерінен құрылған арнайы топ су айдынында 83 келі алабұғы шабақтарының қырылғанын анықтады. Мамандардың хабарлауынша, бүгінде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Сәкен Ділдахмет, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің өкілі:

- Сол жерден судың және балықтың сынамалары алынып, Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаменті және республикалық ветеринарлы лабораторияның солтүстік қазақстан облыстық филиалына өткізілді. Жеке кәсіпкер Меркельге тапсырма берілді. Қырылған балықтарды жою, утилизациялау бойынша, ол кәсіпкер бүкіл іс шараның бәрін атқарды. Енді балықтардың нақты қырылу фактісінің шешімін Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің және ветеринарлық лабораторияның қорытындысынан кейін беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы