359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты

  • 272
Астанада көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты

Астанада Мүсірепов көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, тілсіз жау үйдің шатырын да шарпыған.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оқиға орнына 15 техника мен 55 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Сонымен қатар тұрғындар эвакуацияланып, өрт сөндіру қызметкерлері жалынды ауыздықтауда.  

Зардап шеккендер жоқ.

Сағат 19:05-те өрт толығымен сөндірілді. Бастапқы мәлімет бойынша, 600 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы