352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың әуежай маңындағы тұрғын алқабында балалар суға кетті

  • 430

Астанадағы «Пригородный» тұрғын алқабында балалар суға кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Р.Иманқұлов хабарлайды.

Артынша Нұра-Есіл су арнасында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар балалардың мәйітін таңғы 05:17-де тапқан. 

Ақпаратқа сәйкес, 2007 жылғы екі бала, 2006 жылы туған бір бала және 2009 жылы туған бір бала – барлығы төрт бала суға кетіп, көз жұмған.

Қазір оқиғаны полиция тергеп жатыр.

ҚР ТЖМ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды қауіптер туралы ескертуге шақырады.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы