363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында бір апта ішінде үш адам суға кетті

  • 247
Павлодар облысында бір апта ішінде үш адам суға кетті

Биыл суға шомылу маусымы кеш басталды.

Соған қарамастан, Ертіс өңірінде үш адам суға кеткен. Өкінішке қарай, екеуі – бұғанасы бекімеген жас бала. 9 және 7 жастағы екі жеткіншек Байдала ауылының жанында ажал құшты. Құтқарушылар қазір Ертіске түсу қауіпті деп отыр. Шүлбі су қоймасынан су босату жүріп жатыр. Соның салдарынан Ертіс суының деңгейі екі метрге көтерілген. Ал шомылуға арнайы белгіленген жағажайлар судың астында қалды. Бүгінгі таңда облыстағы 32 жағажайдың тек 19-ы демалушыларды қабылдауға дайын. Жедел құтқару жасағы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Су қоймаларында арнайы дайындықтан өткен 78 маман мен құтқару қызметінің жеке құрамының жүзге жуық қызметкері кезекшілік етеді.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел  құтқару жасағы жетекшісінің орынбасары

– Бірінші оқиға 18 маусым күні болды. Ақсу қаласында ер азамат шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, мерт болды. Сондай-ақ екі бала суға батып кетті. Жедел-құтқару жасағына хабарлама кешкі сағат 19.40-та түскен. Мәйітті сол жердегі жергілікті тұрғындар алып шыққандықтан, біздің құтқарушылар ол жерге барған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы