352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда 35 жастағы әйел тілсіз жаудың құрбаны болды

  • 248

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, 35 жастағы әйел көз жұмды.

Тағы бір адам зардап шекті. Жараланған ер адам өртенген пәтердің иесі екені белгілі болды. Ал қайтыс болған келіншек сол үйді жалдап тұрған. Төтенше жағдай қызметінің мамандары жергілікті уақытпен түнгі 23.30-да шақырту алған бойда 3 өрт сөндіру техникасы оқиға орнына жеткен. Нәтижесінде, 50 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша үй сыртына орнатылған желдеткіш жарылып, соңы өртке ұласқан.

Александр Алексеев, облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

– Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы шыққан соң қосымша хабарланатын болады. Жалын шарпыған үйдің иесі өзге де тұрғындармен бірге қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сол аяғын терезе сынығы кесіп кеткен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы