356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 3 бала терезеден құлап кетті

  • 155
Қарағанды облысында 3 бала терезеден құлап кетті

Қарағанды облысында соңғы үш күн ішінде 3 бала терезеден құлап кеткен.

Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады. «1 шілдеде Қарағандыда 5-қабаттың терезесінен 4 жасар бала құлап кетіп, қаза тапты. 30 маусымда Абай қаласында 5-қабаттағы пәтердің терезесінен бір жасар бала құлап, ауруханаға жеткізілді. 28 маусымда Теміртауда 6-қабаттың терезесінен 3 жасар бала құлап, ауруханаға түсті», – деп атап өтті ТЖД-ның баспасөз қызметі. Құтқарушылар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және абай болуға шақырады. «Кішкентай сәби қауіп деңгейін өздігінен бағалай алмайды, сондықтан оларды бір сәтке қараусыз қалдырудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін», – делінген хабарламада. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы