352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты

  • 173
Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты

Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының жұмысшысы қаза тапты.

«2018 жылдың 1 шілде күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-не қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында соңы өлімге әкеп соққан оқыс оқиға тіркелді. Шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған» делінген хабарламада.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды. «Kazakhmys Smelting» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқан жұмыскердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы