369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында соңғы он күн ішінде 500 гектарға жуық жер жанып кеткен

  • 193

Алматы облысында өрт жиілей бастады.

Өткен он күннің ішінде екі дала өрті болып, соның салдарынан 500 гектарға жуық жер жанып кеткен. Жыл басынан бері 739 өрт оқиғасынан жалпы сомасы 24 млн теңгеден астам материалдық шығын келді. Айтып келмейтін апаттың кесірінен 13 адам көз жұмды. Алматы облысында алдағы аптада күн күрт ысиды. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, термометр бағаны 35-40 градусқа дейін көтеріледі. «Сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек», – дейді мамандар.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

– Қауіпті кезең болғандықтан, табиғат аясына шыққанда, кез келген жерге от жақпауды, артынан қоқыстарды жинауды, сөнбеген темекі қалдықтарын тастамауды, сондай-ақ үйдің ауласына қоқысты өртемеуді сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы