356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында автобус пен жүк пойызы соқтығысты

  • 147

Павлодар облысында жолаушылар автобусы теміржол көлігіне соғылды.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Жарақат алған үш адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Оқиға кеше түнге қарай Павлодар мен Екібастұз аралығындағы Үшқұлын-Тоқубай бағытында орын алды. Соққының әсерінен шағын автобус жолдың жиегіне аунап түскен. Автобус салонында 11 адам болды. «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк пойызы сағатына 22 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Машинист жолға шығып кеткен автобусты көріп, тежегішті басқанымен, алып техниканы тоқтату мүмкін болмаған. Қызметтік тексеру жол апатына автобус жүргізушісінің себеп болғанын анықтады. Телефонмен сөйлесіп отырып, бағдаршамға зер салмағанын жүргізушінің өзі де мойындап отыр.

Алма Мұсабекова, облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Жол көлік оқиғасының нәтижесінде автобустың жүргізушісі әр түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласының орталық ауруханасына орналастырылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы