359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға кетті

  • 196
Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға кетті Алау-ТВ

Аптап ыстықта жекеменшік жағажайға досымен бірге барған жігіт суға батып кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің судан құтқару жасағының жетекшісі Оксана Кичигинаның айтуынша, қасындағы серігі досының суға батып бара жатқанын байқамай қалған. Сүңгуірлер жігіттің денесін 2 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиға болған кезде жағажайда 3 құтқарушы кезекшілікте болған.

Дайындаған. А.Байменшина

Хабар 24 телеарнасы