356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға кеткен

  • 210

Ертіс өңірінде демалыс күндері үш адам суға кетіп, көз жұмды.

Қайғылы жағдайдың бірі Баянауыл ауданының Жасыбай көлінде болды. Жас азаматтар катамаранмен жүріп, құтқару киімдерін кимеген болып шықты. Құтқарушылардың айтуынша, жел көтерілген сәтте катамаран аударылып кеткен. Салдарынан бір демалушы ажал құшты. Мамандардың мәліметінше, су көлігі аударылған жердегі тереңдік жеті метрден асады. Қазіргі уақытта мүрдені іздестіру шараларын төрт сүңгуір жүргізіп жатыр. Тағы бір оқыс оқиға Ақсу қаласының маңындағы Белая өзенінде тіркелді. Адам денесін судан жергілікті тұрғындар шығарып алған. Айта кетейік, облыста шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам өзен-көлдерде батып кетті. Аймақтағы 32 жағажайдың 22-сі ғана ресми түрде жұмыс істеп тұр. Қалғаны жабдықталмаған.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

– Қайғылы оқиға тіркелген жерлер жабдықталмаған, яғни шомылуға рұқсат етілмеген жерлер. Ал балалармен болған оқиғалар ата-аналардың немесе ересек азаматтардың қарауынсыз қалғанда болған. Себебі суда қауіпсіздік ережелеріне сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған балалар су айдындарында тек қана ата-аналармен немесе 18 жасқа толған азаматтармен болу керек.

Хабар 24 телеарнасы