359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі сыра зауытының аумағында өрт болды

  • 241
Шымкенттегі сыра зауытының аумағында өрт болды

«Шымкентсыра» зауытының аумағында өрт болды.

Төтенше жағдайлар комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша ескі ағаш шпалдар мен арнайы ыдыстарда ұзақ уақыт бойы тұрып қалған май жанған.

«Май жағылған ескі шпалдардың 5 текше метрі мен пайдаланылған май құйылған 5 ыдыс жанды. Өрт сағат 15:05-те ауыздықталып, 15:48-де сөндірілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жалын шарпыған аумақ 225 шаршы метрді құрады»,- деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Хабар 24 телеарнасы