352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртау қаласындағы өндірістік алқапта өрт болды

  • 258
Теміртау қаласындағы өндірістік алқапта өрт болды

Теміртау қаласындағы өндірістік аумақта болған өрт туралы хабарлама 10 шілде күні кешкі сағат сегіздер шамасында түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген уақытта, жеке кәсіп аумағындағы қоймаларда престелген пластмасса өнімдері мен макулатура және бір қабаттағы ғимараттың ішіндегі жиһаздар жанып жатқан. Сонымен қатар жалын сол маңда тұрған екі жеңіл көлікті шарпыған. Өрт сөндіруге 27 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы 390 шаршы метрді құрайды. Өрт екі сағат ішінде толық жойылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы