359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде әскерилер бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

  • 144
Өскеменде әскерилер бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

Өскеменде Комсомол көшесінде патрульдік қызметте жүрген 55/18 әскери бөлімінің жауынгерлеріне тұрғындардың бірі 23 үйдің бірінші қабатындағы бір пәтерден түтін шығып жатқанын хабарлайды.

Оқиға орнына жеткен ұландар жедел әрекетке көшіп, бірден терезе арқылы пәтерге енгенде, онда ес-түзсіз  жатқан қыз баланы байқайды. Бойжеткенді далаға алып шыққан әскерилер оған бірден алғашқы жәрдем көрсетуге кіріскен. Сондай-ақ жігіттер өрт сөндірушілер жеткенше, жалынды өз күштерімен сөндіруге ат салысады.Ержүрек әрі батыл шешім қабылдап, адам өмірін ажалдан арашалауға бел шеше кіріскен қатардағы Әли Сағатбек, Бекболат Итекбаев және Айтуар Хамитұлы қоғамдық тәртіпті сақтағандары үшін марапатқа ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы