363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік қағып кеткен бала ауыр жағдайда жатыр

  • 213

Алматыда көлік қағып кеткен баланың жағдайы өте ауыр.

Қазір 4 жасар бүлдіршін жан сақтау бөлімінде. Біздің арнаның тілшілері оның әжесі Бағдагүл апаймен байланысқа шықты. Оның айтуынша, немересіне 4 сағат бойы операция жасалған. Еске сала кетейік, бүгін Әл-Фараби даңғылы мен Брянская көшесінің қиылысында зардап шеккен бала ағаштың түбінен табылған болатын. Оның бас сүйегі қатты зақымданған. Қазіргі уақытта, полиция өкілдері оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Бағдагүл, зардап шеккен баланың әжесі:

– Жерде жатқан баланы көрген куәгерлер жедел жәрдемді шақырған. Осы аймақта полиция да болған. Олар немеремді алып кетіпті. Ал біз «баламыз жоғалды» деп өтініш жазған едік. Тәртіп сақшылары 5 минуттан кейін «аяқ киімді танисыз ба?» дейді. Мен әрине таныдым.

Хабар 24 телеарнасы