363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда көлік жүргізушісі бірнеше адамды қағып кетті

  • 167

Петропавлда көлік жүргізушісі аялдамаға соғылып, жолаушыларды қақты.

6 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, 8 жастағы қыз ауыр халде. Тағы бір әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апаты кеше болған. Куәгерлердің айтуынша, «Тойота» көлігі қатты жылдамдықпен келіп, жолдың жиегінде тұрған «Лада» көлігіне, одан әрі аялдамаға соғылған.

Нұрбек Баекин, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы кейін анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы