352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында ер адам суға кетті

  • 134
Қостанай облысында ер адам суға кетті svodka.akipress.org

Қостанай облысында 24 жастағы жігіт судан ер адамның денесін шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 шілде күні сағат 01:30-да Меңдіқара ауданында 1994 жылы туған азамат Буденов ауылынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінен 1979 жылы туған ер адамның денесін шығарып алған», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы