359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жол апатынан зардап шеккен науқастардың беті бері қарады

  • 175

Петропавл қаласында жол апатынан зардап шеккен науқастардың беті бері қарай бастады.

Жансақтау бөлімінде жатқан әйел бүгін палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесі бірнеше жерден кесілген. «Екінші ер адамның да жағдайы тұрақты», – дейді дәрігерлер. Ал балалар ауруханасына түскен 8 жасар қыздың аяғына гипс салынды. Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні «Тойота» көлігі жол жиегінде тұрған «Ладаны», одан әрі аялдамадағы 6 адамды қаққан еді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Евгений Никонов, травматолог-дәрігер:

– Науқастардың жағдайына қарай, операция жасау-жасалмауы белгілі болады. Қорытынды рентген кескіні жасалады. Қазіргі таңда оларға медициналық көмек қажет емес.

Хабар 24 телеарнасы