Қарағанды облысында радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қарағанды облысында радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді

  • 347
Қарағанды облысында радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді

Қарағанды облысында радикалды діни топтың әрекетінің жолы кесілді.

2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті.

Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды.

Аталған адамдар террорлық топ құрған және оның әрекеттеріне қатысқан, сондай-ақ терроризмді насихаттаған деген күдікке алынды.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды.            

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Хабар 24 әлеуметтік желілерде