352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Тенге қастандық жасағандар іздестіріліп жатыр

  • 225

Қалалық тәртіп сақшылары спортшыға пышақ сілтеген қарақшылардың ізіне түскендерін айтады.

Әзірге анықталғаны – белгісіз екі адам Денис Теннің көлігін тонамақ болған екен. Сол кезде жәбірленуші оларға қарсылық көрсетіп, арада кикілжің пайда болыпты. Сол кезде күдіктілер Денис Теннің бірнеше жеріне пышақ сұғып үлгерген. Ізінше оқиға орнынан із суытқан. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шарасы жүріп жатыр.      

Ақылбек Үмбетәлиев, қалалық ІІД Тергеу ісі басқарамасы басшысының орынбасары:

- Сағат 15:00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тенге қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адам спортшының көлігін тонамақ болған кезде, жәбірленуші оларға қарсылық көрсеткен. Салдарынан күдіктілер Денис Теннің бірнеше жеріне пышақ сұғып, оқиға орнынан із суытып үлгерді. Қазір осы оқиға бойынша «қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілерді іздестіру шарасы жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы