359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық олимпиада комитеті Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

  • 174
Халықаралық олимпиада комитеті Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты.

«Қазақстанның олимпиадалық комитеті мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің қазасын растады. Оның жасы 25-те болатын. Біздің ойымыз спортшының отбасымен, достарымен және мәнерлеп сырғанау спортының барлық жанкүйерлерімен бірге», – делінген ХОК-тің Twitter-дегі ресми парақшасында.  

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Тен Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Оны қарақшылар пышақпен бірнеше жерінен жаралаған.

Дәрігерлер спортшының өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қала алмады.

Хабар 24 телеарнасы