356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елжан Біртанов: Денис Тен ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген

  • 377

Денис Теннің өмірі үшін дәрігерлер соңғы секундттарға дейін күресті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, спортшы ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Алайда көп қан жоғалту себебінен науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Жағдайы өте нашар болғаннан кейін тікелей ауруханаға жіберілген. 11 минуттан кейін ауруханада болған. Жолда реанимациялық шаралар өткізілген. Клиникалық өлім де болған. Алдын ала станционарға хабар беріп, хирургтар дайын отырған. Стационарға әкеліп тікелей операция үстеліне  жатқызылған, екі сағат реанимация өткіздік. Өкінішке қарай, қайтыс болды.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің хабарлауынша, бұл күндері Денис Тен Алматыға кезекті дайындыққа келген. «Бұл қазақ спорты үшін орны толмас қаза болды», – дейді министрлік өкілдері.

Бекболат Байжанов, Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары:

- Кеше ғана Астананың 20 жылдығында «Денис және оның достары» атты шоу өткізген болатынбыз. Кім ойлаған осындай жағдай болады деп. Осы жағдай болғаннан бастап министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ішкі істер министрі Қалмұханмет Қасымов, Денсаулдық сақтау министрі Елжан Біртанов бақылауда ұстады. Бірақ осындайға душар болдық. Қазақстан халқына көңіл айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы