352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы полициясы Денис Тенді өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады

  • 224
Алматы полициясы Денис Тенді өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады Чемпионат.com

Алматы полициясы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген адамдар туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады.

Алматы полициясы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Тергеу аясында қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру, тергеу шаралары қолға алынған. Сонымен қатар, Алматы ІІД оқиғаға куә болғандарды анықтап жатыр. «Бұл оқиғаны көзімен көрген, қылмысқа қатысы бар күдікті адамдар туралы ақпарат білетін адамдар болса, 254-40-42; 8-701-707-36-00 немесе 8-701-722-60-62,  102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі», – дейді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, кеше түскі 15:00 шамасында белгілі спортшы Денис Тен пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер клиникалық өлім халінде келіп түскен спортшыға 2,5 сағат бойы реанимациялық шаралар жасап, аман алып қала алмады. Денис Тен көп қан жоғалтуы себебінен көз жұмды.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы